KZ
Өскемен
+23°
переменная облачность жел 2 м/с, ОШ
479.05 534.57 5.17

Бүгін доллар қаншаға сатылып жатыр?

Фото: egemen.kz

18.07.2023, 10:01 157

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 443 – 449 теңгеден саудаланып жатыр.  

Kurs.kz деректері бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 443,5 – 447,5 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Altaynews Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматыда доллар бағамы 445,5 – 449 теңге аралығында құбылып тұр.

17 шілдедегі кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 0,13 теңгеге төмендеп, 446,14 теңге болған.

Ұлттық банктің 18 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 446,34 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 4,95 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 4,81 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Астанада көрші ел валютасы 4,82 - 4,92 теңгеден сатылған. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив