KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Бесқарағайдағы өрт 14 күннен кейін сөндірілді

Фото: Абай облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

27.07.2023, 10:40 125 Оразай Жеңісұлы

Абай облысының Бесқарағай ауданында 14 шілде күні тұтанған орман өрті енді ғана сөндірілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты өкілдерінің ақпараты бойынша 26 шілде күні сағат 18:00-де Бесқарағай ауданындағы орман өрті 385 гектар алқапта толығымен сөндірілді», делінген ТЖМ мәліметінде.

Құтқарушыларға күн райының қолайсыздығы қолбайлау болғанын айта кеткен жөн. Төтенше қызмет өкілдері енді өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Естеріңізде болса, Беген орманшылығында құрғақ шөптің өртеніп жатқаны және орман қорына қауіп бар екені туралы хабарлама 15 шілдеде түскен болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив