Доллар бағамы қайтадан өсе бастады
Фото: afk.kz
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы қайтадан өсіп жатыр, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметтеріне сілтеме жасап.
Күндізгі саудада доллардың орташа сараланған бағамы 0,39 теңгеге көтеріліп, 446,32 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 9 тамыздағы ресми бағамы бойынша доллар 445,88 теңге болды.
Алматының ақша айырбастау орындарында долларды орташа сатып алу – 446,65 теңге, сату – 448,89 теңге. Астананың ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 445,80 теңгеден сатып алынып, 449,81 теңгеден сатылып жатыр.
Оқи отырыңыз