KZ
Өскемен
-2°
пасмурно жел 9 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Еліміздің қазіргі аумағы алғашқы адамдардың негізгі мекені болған

Фото: Ермек Иманғазиновтың суреті

14.08.2023, 10:37 243

Еліміздің қазіргі аумағы алғашқы адамдардың негізгі мекені болған. Бұл туралы тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Жакен Таймағамбетов айтып берді.

Оны Қазақстан аумағында болып жатқан көптеген зерттеу нәтижелері растады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Айта кету керек, Зайсан ауданында палеолит дәуіріндегі адамның тіршілік ету ортасын зерттеу экспедициясы басталды. Оған тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Жакен Таймағамбетов және РФ келген әріптестері қатысуда.

- 2015 жылы Зайсан ауданындағы Үш бұлақ атты бұлақтан тұрақ табылды. Яғни, атауында көрсетілгендей, 3 бұлағы бар. Олардың бірінен тас құралдары, тақтайшалар, түрлі қырғыштар табылған. Қазба жұмыстары кезінде бұл жер алғашқы адамдардың тұрағы болғаны анықталды. Ал табылған еңбек құралдары шамамен 500 мың жыл бұрын қолданылған болуы мүмкін. Қазба жұмыстары жалғасуда. Менің ойымша, бұл жерден әлі де көптеген жаңалықтар ашылатын болады, - деп бөлісті Жәкен Таймағамбетов.

Палеонтологтың айтуынша, тас дәуіріне жататын құралдар еліміздің қазіргі аумағы алғашқы адамдардың негізгі мекені болғанын дәлелдейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив