KZ
Өскемен
+1°
переменная облачность жел 8 м/с, ОШ
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Өскемен: 5 трамвай істен шықты

Сурет автордікі

14.08.2023, 16:34 439 Оразай Жеңісұлы

Облыс орталығында бес трамвай есептен шығарылады. «Өскемен Көлік Компаниясы» ЖШС басшысы Михаил Чайканың айтуынша, ескірген қоғамдық көліктерді жөндеу мүмкін емес, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Паркте өте ұзақ уақыт бойы қолданыста болған трамвайлар көп. Оларды қалыпқа келтіру мүмкін болмаған жағдайда есептен шығару оңайырақ. Барлығы бес трамвай есептен шығарылады, оның екеуі – «алматылық» трамвайлар, – деді Михаил Чайка.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын облыс орталығына Алматыдан 13 трамвай әкелінген еді. Бір трамвай тоғыз миллион теңгеге  алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу