KZ
Өскемен
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Өскемен-Семей тасжолына "Қорғау" автономды жарық-сигналы орнатылды

16.08.2023, 12:00 140

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында республикалық маңызы бар автожолдың 101 шақырымында (республикалық маңызы бар Өскемен-Семей автожолы) "Қорғау" автономды жарық-сигналы эксперименталды түрде жұмыс істейді.

ШҚО ПД мәліметі бойынша, аталған жабдық қауіпті жол учаскелері бойында жануарлар болса, жол жиегіне орнатылған тиісті жарықдиодты белгілер автоматты түрде жанып, дыбыс шығарады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Осылайша, жүргізушілер ескерту сигналдарын ала алады.

Айта кету керек, жарықдиодты белгілер күн энергиясы арқылы жұмыс істейді. Алдағы уақытта осындай белгілерді басқа да жол учаскелеріне орнату жоспарланып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив