KZ
Өскемен
-1°
переменная облачность жел 2 м/с, Ю
492.22 529.38 5.03

Генерал көпбалалы аға сержанттың үйіне барды – ШҚО

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

28.08.2023, 14:20 188

ҚР Ұлттық ұланы қашанда көпбалалы әскерилерге ерекше көңіл бөледі. Әсіресе оқу жылының алдында оларға барынша қолдау көрсету қажет.

Өскеменде өткен қазақстандық әскери тәрбиешілердің оқу-тәжірибелік дайындығы барысында Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары, Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетов сержант Сымбат Ақмолаевтың шаңырағына арнайы барды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 Біз өзіміздің көпбалалы әскерилердің бала-шағасына ерекше көңіл бөліп отыруымыз қажет. Өйткені олар біздің қолдауымыз бен қамқорлығымызды қашанда сезіне білуі керек. Неге десеңіз, олардың ата-аналары өз өмірлерін әскери салаға арнап отыр,  дейді генерал-майор Қайрат Үмбетов.

5518 әскери бөлімінің жауынгерлік қамтамасыз ету ротасының аға маманы аға  сержант Сымбат Ақмолаев Ұлттық ұлан сапында 10 жылға жуық қызмет етіп келеді. Жұбайы Жанна екеуі бес бірдей баланы тәбиелеп отыр. Тұңғыш ұлы Саянұр биыл үшінші сынып оқушысы, ал қызы Кәусар алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отыр. Ең кенже қызы ағымдағы жылы дүние есігін ашқан, небәрі 7 айлық.

Генерал-майор Қайрат Үмбетов «Мектепке жол» акциясы аясында әскеридің  балаларына мектепке қажетті оқу-құралдары мен арнайы сыйлықтар тарту етті.

Халық қаһарманы, генерал-майор Қайрат Үмбетовтің менің шаңырағыма арнайы келіп, балаларымды оқу жылының басталуымен құттықтап келгені мен үшін үлкен құрмет. Ұлттық ұлан басшылығы әрдайым отбасылық берік дәстүрді қолдайтыны қуантады,   дейді Сымбат Ақмолаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив