ШҚО-да ауыл тұрғыны жабайы қабанды атып өлтірген
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Жедел профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында Күршім ауданының полицейлері Глубокое ауданының 46 жастағы тұрғынын қолға түсірді.
Ол тиісті құжаттары жоқ "Иж-5" маркалы тіркелмеген тегіс ұңғыл мылтықпен жабайы қабанды атып өлтірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Құқық қорғау органдары оқиға орнынан мылтық, гильзалар және қабанның ұшасын тәркіледі. Келтірілген залал сомасы миллион теңгеден асады.
- Аталған факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі "Заңсыз аңшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бапта ең жоғарғы санкциясы бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
ШҚО ПД барлық әуесқой аң аулауға адамдардың еліміздің табиғатты қорғау заңнамасы мен сақтық шараларын сақтауын сұрайды.
Оқи отырыңыз