ШҚО-да заңсыз балық аулаған тұрғын ұсталды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері тыйым салынған аймақта балық аулаған тұрғынды ұстады.
Оқиға Күршім ауданында болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
«15,1 келі көксерке, 32,7 келі шортан, 1,5 келі алабұға, 11,5 келі қарақұйрық балығы тәркіленді. Браконьер 350 000 теңге көлемінде залал келтірді», - деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз