Шығыс Қазақстанда бір тәулікте 6 өрт тіркелді
Бір түннің ішінде Шығыс Қазақстан облысында бірнеше үйде өрт болды, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Шемонаиха қаласындағы Победа көшесінде пәтерде өртенді. Өрт сөндірушілер 18 шаршы метр аумаққа тараған өртті сөндірді. Өрттің шығу себебі - электр тоғымен пайдалану орнату және кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан шыққан.
Алтай ауданының Чапаев ауылында Қонаев көшесінің бойында жеке тұрғын үйдің аумағында бір шатырдың астында орналасқан монша, отын қора мен көмір сақтайтын орында өрт шығып, өрт ішінара жақын маңдағы тұрғын үйге тараған. Өрттің жалпы ауданы 145 шаршы метр.
Өскеменде Жібек Жолы көшесінде "Mitsubishi Galant" маркалы және Третья көшесінде "Skoda Oktavia" маркалы автокөлік өртенді.
Веерный бұрылысында тұрғын үйден өрт шыққан. Өрттің себебі - жылыту пешін орнату және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.
Осындай себеппен Алтай ауданының Серебрянск қаласында Первомайская көшесінің бойындағы жеке тұрғын үй өртенді.
-Аязды күндері пештерді бақылауды ұстаңыз. Электр жылытқыштарын пайдалану кезінде түнде қосулы қалдыруға болмайтынын есте сақтаңыз.
-Балаларға мұндай құрылғылармен ойнауға рұқсат бермеңіз, -ШҚО ТЖД.
Өрт кезінде 101 және 112 нөмірлері бойынша хабарлау қажет.