14 жастағы бала терезеден құлап кетті – Өскемен
фото: kazlenta.kz
14 жастағы бала көп қабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Оқиға Назарбаев даңғылында болған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, зардап шеккен жеткіншекті жедел жәрдем «Ана мен бала орталығына» жеткізген. Дәрігерлердің айтуынша, жарақаты ауыр. Бала қазір жансақтау бөлімінде.
Полиция әзірше бұл жағдайға қатысты ақпарат бермеді.
Оқи отырыңыз