Доллардың ресми бағамы айтылды
Фото:depositphotos.com
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсіті, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 1,82 теңгеге көтеріліп, 457,44 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 15 желтоқсандағы ресми бағамы - 455,63 теңге.
Кurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алудың орташа бағамы 457,46 теңгеге, сатылымы 459,52 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 458,47 теңгеден сатып алынып, 460,45 теңгеден сатыып жатыр.
Оқи отырыңыз