Экономикалық құқық бұзушылық фактілерін хабарлауға арналған Telegram-бот іске қосылды
Қаржылық мониторинг агенттігі экономикалық құқық бұзушылық фактілерін хабарлауға арналған Telegram-ботты іске қосты.
Ол арқылы қазақстандықтар экономикалық құқық бұзушылықтар туралы жылдам ақпарат бере алады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Ресми «АФМ Insider» боты бірнеше бөлімдер бойынша хабарлама қалдыру мүмкіндігін ұсынады.
Азаматтар өтініштің мәнін ашып, «Жіберу» батырмасын басуы керек. Хабарлама қысқа мерзімде қаралады. Анонимділікке кепілдік беріледі. Ботқа сілтеме: https://t.me/afm_insider_bot.
Оқи отырыңыз