KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
488.26 530.54 5.03

Шырша өртке себеп болмасын десеңіз...

Фото: ШҚО ТЖД

22.12.2023, 09:34 147 Оразай Жеңісұлы

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жаңа жылдық шыршаны безендірген кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін айтты,  деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

  1. Өртке қарсы құраммен өңделген шырша алыңыз. Әдетте бұл ақпарат қаптамада көрсетіледі.
  2. Шырша жылыту құрылғыларынан алыс жерге, берік тұғырға орнатыңыз;
  3. Тек зауытта жасалған, ақаусыз жұмыс істейтін электр гирляндтарын пайдаланыңыз;
  4. Шыршаны шамдармен, мақтамен, қағаздан және целлулоидтан жасалған ойыншықтармен безендіруге тыйым салынады;
  5. Егер жарық құрылғылардан қандай да бір ақау шықса, оны шұғыл түрде өшіру керек. Сондай-ақ түнде гирляндтарды өшіріп қою керек;
  6. Жаңа жылдық шырша орнатылған бөлмеге алғашқы өрт сөндіру құралдарын (өрт сөндіргіш, құм) қойған жөн.

Электр гирляндасы жана бастаса, бірден өшіру керек. Содан кейін өрт өршімес үшін, шыршаны құлатып, тығыз шүберекпен жабу қажет. Мұндай жағдайда су қолдануға болмайды.

Егер өрттің алдын алу мүмкін болмай жатса, дереу үйден шығып, 101 немесе 112-ге қоңырау шалып, құтқарушыларға хабар берген жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив