Саусақ іздерін кім тапсыруы керек?
Фото: tengrinews.kz
Сенат Қазақстан азаматтары үшін ерікті дактилоскопиялық тіркеуді енгізетін заңды мақұлдады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Tengrinews.kz. сілтеме жасап.
Талқылау кезеңінде саусақ ізін тапсыруды барлық адамдар үшін жеке басын куәландыратын құжат алу кезінде міндеттеу жайлы сөз болған еді.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтың айтуынша, халықты саусақ ізін тапсыруға заң жүзінде мәжбүрлеудің қажеті жоқ.
Заң бастапқыда 2016 жылы цифрлық технологиялар мен мүмкіндіктер басқаша болған кезде қабылданған.
"Қазір банктер, мемлекеттік қызметтер - барлығында тексеруден өтеді. Банкке келіп, несие алған кезде саусақ іздерін сол жерде тапсырады. Яғни, бүгінде халықты заңмен мәжбүрлеудің қажеті жоқ. Екінші жағынан, халық тарапынан «Оның қажеті қанша?» деген түсініспеушіліктер де болды", - деді Марат Кожаев.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз