KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОБ
488.26 530.54 5.03

Қор нарығында доллар тағы қымбаттады

Фото: inbusiness.kz

22.12.2023, 15:56 98 Анель Слямғазықызы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

 

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 2,49 теңгеге қымбаттады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы - 459,69 теңге.

Ұлттық банктегі ресми бағамы – 1 долларға 456,99 теңге.

Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,97 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 458,3 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 460,7 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459 теңге, сатып алу құны – 461,5 теңге.

Ресей рублі 4,99-5,13 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив