«Торпедо» хоккей командасының ойыншылары тәртіп сақшыларымен мұз айдынында кездесті
22 желтоқсанда Өскеменде Борис Александров атындағы спорт сарайында тәртіп сақшылары ерекше спорттық жарыс өткізді. Олардың қарсыластары 2013 жылы туған жергілікті «Торпедо» клубының ойыншылары болды.
Салтанатты алғашқы шайбаны ойын алдындағы мерекелік шаралар аяқталғанын және ойынның басталуына орай белгілі қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаев тастады. Мұз айдынында өте жас хоккейшілер болғанына қарамастан, олар байыппен күресті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мұздағы тартысты күресте Торпедо хоккейшілері 14:11 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздарды Аяз Ата марапаттап, кубок, медальдар мен тәтті сыйлықтар табыс етті.
Балалар мен жанкүйерлер үшін олардың матчының қарсыластары ШҚО ПД бастығы, полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков бастаған полиция қызметкерлері болғанын айта кеткен жөн. Бұл соңына дейін ұйымдастырушылардың құпиясы болды.