ШҚО-да басқармалардың бірі 5 миллионға "жарамсыз" бөлшек алмақ болған – Антикор
фото: gov.kz
Шығыс Қазақстан облысында Антикордың араласуынан кейін бір жыл ішінде 2,2 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделді, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты Kazinform-ға сілтеме жасап.
ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жыл басынан бері мемлекеттік сатып алу порталын мониторингілеуде. Соның нәтижесінде, жалпы сомасы 2,2 млрд теңге бюджет қаражаты үнемделген.
«Мәселен, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Самырсын орман шаруашылығы» КММ қызметтік автокөлігіне іс жүзінде пайдалануға келмейтін қозғалтқыш сатып алмақ болған. Біздің ұсынысымыз бойынша басқарма өкілдері сатып алуды қайта қарастырып, нәтижесінде үнемделген 5 млн теңге ұйымның нақты қажеттіліктеріне бағытталды», - дейді ШҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Денис Шакенов.
Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыс келесі жылы да тұрақты түрде жүргізіледі.