Өскеменде ауа райының жылуына байланысты сырғанақтар мен мұз айдындары еруде
Фото: yk-news.kz
Өскеменде ауа райының жылуына байланысты сырғанақтар мен мұз айдындары еріп жатыр.
Синоптиктердің болжамы бойынша облыс орталығындағы жылы ауа райы тағы бірнеше күнге созылады, - деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
28 желтоқсанда қала көшелерінде үлкен шалшықтар пайда болды. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер жұмыс жасауда. Мұз айдындары да еріп, Республика алаңындағы сырғанақтар еріп, пішіндерін жоғалтты.
— Таяу күндері шығысында жылы температура сақталады. 30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында түнгі және күндізгі ауа температурасы құбылады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айындағы температура нормадан жоғары, — деп хабарлады "Қазгидромет"РМК.
Оқи отырыңыз