KZ
Өскемен
-22°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
522.42 543.89 5.28

KASE: Доллар 2,24 теңгеге арзандады

фото: kapital.kz

5.01.2024, 17:06 149 Оразай Жеңісұлы

Қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы арзандады. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 2,24 теңгеге төмендеп, 1 доллар 453,43 теңге болды.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 454,5 теңге, сатып алу – 457,5 теңге. Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы – 453 теңгеден болса, сатып алу – 457 теңге.

Алматыда Ресей рублі 4,85 – 5,05 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,85 – 5 теңгеден сатылуда.

Ұлттық банктің 5 қаңтардағы ресми бағамы бойынша 1 доллар 456,09 теңге болғанын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу