KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 5 м/с, Ю
488.45 529.19 5.04

«Ақылды» қала жобасы жетілдірілуде

Фото: Абзалбекова Анель

11.01.2024, 15:50 157 Айна Ескенқызы

Өскеменде аса маңызды ақпаратпен хабардар ететін «Digital East» жеке мобильді қосымшасын іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Жоба «ақылды» қаланы құру стандартын іске асыру шеңберінде жүзеге аспақ, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

Облыстық цифрландыру және архивтер басқармасының мәліметтері бойынша, мобильді қосымша Өскемен қаласының тұрғындары мен қонақтарына арналған. Ол  негізгі он қызметтен тұрады, олар өз кезегінде 55 қосалқы қызметтен тұрады (оның 21-і тіршілікті қамтамасыз етудің әртүрлі салалары (денсаулық сақтау, білім беру, көлік) бойынша қызмет көрсетеді, қалған 34-і анықтамалық сипатта болады).

 

 

Ұялы телефондағы қосымша арқылы қашықтықтан (24/7 режимінде) тәуліктің кез келген уақытында бірнеше рет басу арқылы авиа және ТЖ билеттерін сатып алуға, жаңалықтарды, хабарландыруларды, бос жұмыс орындарын, шұғыл қызметтердің байланыстарын көруге, коммуналдық қызметтерге (интернет, теледидар, жылу желілері, су арнасы, қоқыс, салықтар) ақы төлеуге, Казпошта трекингін тексеруге, тұрғын үйге кезек нөмірі, баланы балабақшаға кезекке қою, учаскелік дәрігерге жазылу, теміржол вокзалдарының, әуежайлардың, автовокзалдардың кестесін көру және тағы басқа қызметтерге қол жеткізуге болады.

 

Мобильді қосымша Android Және IOS платформаларына арналған, оны Google Play және AppStore дүкендерінен жүктеуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив