KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

KASE төрағасының орынбасары Андрей Цалюк мерзімінен бұрын қызметінен кетті

Фото: KASE

12.01.2024, 17:00 142 Анель Слямғазықызы

2024 жылдың 13 қаңтарынан бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) басқарма төрағасының орынбасары Андрей Цалюктің өкілеттігі зейнеткерлікке шығуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі kaz.inform.kz-ға сілтеме жасап.

 

KASE баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешімді Қазақстан қор биржасының директорлар кеңесі қабылдады.

«Цалюк Андрей Юрьевич KASE вице-президенті болып 2007 жылдың 15 қазанында сайланып, KASE басқармасының құрамына таныстырылды. Ол әр жылдары ақпараттық және аналитикалық блоктарға, қадағалау қызметіне және тәуекелдерді басқаруға жетекшілік етті. Андрей Цалюк KASE-дегі қызметін KASE ақпараттық-талдау блогының басшысы ретінде бастаған. Оның басшылығымен бұл бағыт қалыптасу және даму кезеңдерінен өтті. KASE ақпараттық ресурстары мен өнімдері қазақстандық және шетелдік инвесторлар үшін қаржы құралдары мен биржалық нарықтар туралы ақпараттың негізгі көзіне айналды», - делінген ресми сайтта жарияланған хабарламада.


Кейінірек оның жетекшілігімен «қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл» және манипуляция саласындағы биржалық қаржылық мониторинг бағыты қалыптасты. Ол қор нарығындағы жетекші сарапшылардың бірі. Қор нарығын дамытуға бағытталған елеулі қызметі үшін Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Директорлар кеңесі Андрей Цалюкке қор нарығының дамуына және KASE қызметіне қосқан елеулі үлесі үшін алғыс білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив