KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 2 м/с, З
481.19 538.45 5.18

ШҚО кәсіпкерлері салық органдарынан Келісім комиссиясының жұмыс форматын өзгертуді сұрайды

12.01.2024, 17:34 183

Жарамсыздық белгілері бар мәмілелер бойынша материалдарды сотқа дейін қарау жөніндегі Келісу комиссиясы жұмысының ерекшеліктерін салық органдары мен бизнес-қоғамдастық өкілдері Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында қарады, деп хабарлайды Altaynews.kz  тілшісі.

Жүргізілген мәмілелердің дұрыстығын дәлелдеу сенімсіз деп танылған контрагенттер үшін қаржылық ауыртпалықты көтеруге мәжбүр болған кәсіпкер-салық төлеушілер үшін өзекті мәселенің бірі.

Адал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мақсатында ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің жанынан 2020 жылдың наурыз айында жарамсыздық белгілері бар мәмілелер бойынша материалдарды сотқа дейін қарау жөніндегі Келісім комиссиясы құрылып, ай сайын отырыс өткізіледі. Оның құрамына Мемлекеттік кірістер департаментінің алты өкілі және ШҚО Кәсіпкерлер Палатасының бір өкілі кіреді.

Комиссия отырысының бекітілген Ережесіне сәйкес қатысушылар оны өткізгенге дейін бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде хабардар етіле отырып, онлайн өткізіледі.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында хабарлағандай, бизнес субъектілері комиссияның мұндай жұмыс режиміне қанағаттанбайды. Өйткені олар белгіленген мерзімде отырысқа дайындалып, өз құқықтарын дәлелді қорғауға үлгермейді.

Сондықтан ШҚО Кәсіпкерлер палатасында комиссия туралы Ережеге тиісті өзгерістер енгізуді, атап айтқанда – отырыстарды өткізу кестесін құруды және күн тәртібіндегі мәселелерді бір ай бұрын бекітуді ұсынады.

Сонымен қатар, мүмкіндігінше отырыстарды офлайн режимінде өткізу туралы өтініш түсті.

«Қазір мемлекеттік кірістер комитеті осындай салық төлеушілермен жұмыс істеудің басқа әдістерін пысықтауда. Яғни, Келісу комиссиясының жекелеген мәмілелер бойынша салықтық тексерулер жүргізу туралы сотқа материалдар беру мүмкіндігі тең қаралады. Ал ұсынысқа келетін болсақ, біз оны қарастыруға дайынбыз, өйткені бұл салық төлеушілер үшін де, біз үшін де ыңғайлы болады, – деп түсіндірді ШҚО МКД жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Асхат Жибитаев.

Кеңестің шешімі бойынша кәсіпкерлердің ұсыныстарын ШҚО Кәсіпкерлер Палатасы Мемлекеттік кірістер Департаментімен бірлесіп пысықталып, бұл туралы кәсіпкерлерге қосымша хабарланатын болады.

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив