KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Жылу визорлары Риддер тұрғындарына қалай көмектеседі?

12.01.2024, 18:24 185 Оразай Жеңісұлы

Риддердегі көпқабатты үйлерге жылудың біркелкі бөлінбеуінің себебі бір, ол – әбден тозығы жеткен жылу желілері.

Қаңтар айының басында мамандар жылу визоры бар квадрокоптердің көмегімен Айдархонов және Бухмеер көшелеріндегі, сондай-ақ Абай даңғылындағы жылу желілерін зерттеген болатын, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі. 

Нәтижесінде, зерттелген 9,1 шақырым жылу желілерінің шамамен 83 пайызы өте нашар күйде екені анықталды, ал кей учаскеде жылудың тіптен жарықшақтар арқылы сыртқа ағып жатқаны белгілі болды. Мұны дрондардан түсірілген кадрлардан көруге болады. Бұл ретте, жылу желілерінің жаңа учаскелерінде ешқандай шығын тіркелмеген.

Сарапшылар болса, риддерліктердің үйлеріндегі ауа температурасының төмендеуіне дәл осы құбырлардың тозуы себеп болуда деген қорытынды жасап отыр.

– Бұл – жылдар бойы қордаланып келген мәселе. Қазіргі проблемалардың бәрі ЖЭО-ның бұрынғы иелері мен басшылығының қаланы жылумен қамту мәселелеріне жүрдім-бардым қарауынан туындап отыр. Көп жыл бойы жылу желілерін қайта жаңғырту мақсатына қажетті инвестициялар тартылмаған, тіпті ондай қаражат бөлінгеннің өзінде де ол ақша жылу орталығына қарапайым қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарына жұмсалмаған, – деп хабарлады қала әкімдігінен.

Қазіргі уақытта түсірілген бейнежазбалар мұқият зерделенуде. Олардың негізінде Риддер жылу желілерінің картасы жасалмақ. Онда трассаның түрлі учаскелеріндегі жылу шығынының мөлшері жайында мәліметтер көрсетілетін болады. Және де бұл карта 2024 жылғы жылу желілерін жөндеуге бағытталған жобалық-сметалық құжаттаманың негізін құрайды деп жоспарлануда.

 


Нұржан Кенжеұлы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив