ШҚО-дағы «қауіпті» тас жолға шектеу белгілері орнатылды
Глубокое ауданының Прапорщиково және Уварово ауылдары арасындағы Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы автомагистралінде жыл басынан бері, яғни екі апта уақыт ішінде, екі жол апаты болды. Оқиғаның бірі 4 адамның қазасына әкеп соқты, деп хабарлады Altaynews.kz тілшісі.
«ҚазАвтоЖол» ЖШС облыстық филиалының ақпараты бойынша, облыстық полиция департаменті әкімшілік полициясының бұйрығымен аталмыш автомагистральдің 5-ші және 8-ші шақырымдарына жылдамдықты шектейтін және шектеулер аймағының аяқталғанын көрсететін жол белгілері орнатылды.
Жолдың осы учаскесінде апат жиі болатынын айтқан жергілікті тұрғындар енді шектеулер оқыс оқиғалардың алдын алады деп үміттеніп отыр.