Зайсан қаласы көшелеріне 200 тонна құм себілген
Қыс айларында қала көшелерін күтіп ұстаудың маңызы зор. Осы мақсатта биыл Зайсан қаласы көшелерін күтіп ұстау үшін 12 млн теңге қарастырылған.
Зайсан қаласы бойынша 214 шақырым көше бар. Көшені күтіп-ұстауға 2024 жылы қарастырылған 12 млн теңгенің қазіргі уақытта 5 млн теңгесіне конкурс өткізіліп, мердігер анықталған. Ауарайының қолайсыздығына байланысты көше көктайғаққа айналғандықтан 200 тонна құм себілген, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
– Аталған қаржы шеңберінде мердігер басқа жұмыстардан бөлек көшелер мен қиылыстарға 200 тонна құм себуді жоспарлаған. Алайда, қаңтар айында қар жауып, жаппай көктайғақ орын алуына байланысты барлық құм жоспардан ерте себіліп біткен. Бүгінгі күні «СМУ-Шығыс» ЖШС-нің демеушілігімен Зайсан көшелеріне қосымша 60 тонна құм себілуде. Қазіргі уақытта 7 млн теңгеге конкурстық шаралар өткізіліп жатыр. Нәтижесі бойынша инерттік материалдар қосымша алынатын болады, – деп хабарлады Зайсан ауданы әкімдігі.
Қызырбек Дүргінбайұлы
Оқи отырыңыз