ШҚО әкімі Черемшанка ауылының мектебіне барды
Глубокое ауданының Черемшанка ауылында трансформатор желісінде апат болды. Соның салдарынан ауыл мектебі жылусыз және жарықсыз қалған, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Ермек Көшербаев аталмыш елді мекенге арнайы барып, білім мекемесіндегі жағдайды қадағалады. ШҚ АЭК қызметкерлері де оқиға орнына жедел жетіп, апат себебін анықтап, жөндеу жұмыстарын жүргізді.
Жөндеуден кейін мектеп электрмен және жылумен толық қамтылды.
Сондай-ақ өңір басшысы мектеп мұғалімдерімен кездесіп, шағын жөндеу жұмыстары жүргізілген сыныптарды аралап көрді.
Оқи отырыңыз