KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
488.45 529.19 5.04

Зайсан ауданында дәретхана қағазы өндіріледі

фото: freepik.com

17.01.2024, 17:05 110 Қызырбек Дүргінбайұлы

Өңірдегі шағын өнер кәсібі дамыған аудандардың бірі – Зайсан.

Соның бір дәлелі ретінде айтар болсақ, Зайсан ауданының Айнабұлақ ауылында дәретхана қағазын өндіретін өндірістік цех жұмыс істейді. 
Мемлекеттік қолдаудың негізінде ашылған шағын өндіріс тамыз айынан бастап өнімін сатылымға шығара бастаған. Өндірістің қуаттылығы күніне жарты тонна,  деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

– Өндірістік қуаттылығы күніне жарты тонна шамасында. Бұны біз Зайсанның өз бренді ретінде қалыптастыруды мақсат еттік. Бұл – мемлекеттің, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауымен іске асып жатқан шаруа. Облысты айтпағанда, көрші аудандарда мұндай өндіріс ошағы жоқ. Дәретхана қағазына аудан тұрғындарынан сұраныс жоғары, – дейді облыстық кәсіпкерлер палатасының Зайсан аудандық филиалының директоры Қанат Әбдіғалиев.

Өндіріс жұмысында күрделілік жоқ. Алдымен қағазды кірден және артық қоспадан тазартып, келесі кезекте арнайы  ұнтақтайтын машшинаға жөнелтіледі. Ұнтақталған қағаз електен өтіп, кептіріледі. Кептіру барабандары 110-115 температурада 1 минутта 12-13 айналым жасайды. Осылайша дайын болған өнім станокта кесіліп, қаптауға жіберіледі. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив