Алдағы күндері аяздың беті қайта бастайды
Фото: kartin.papik.pro
«Қазгидромет» РМК мәліметіне сәйкес, ертең елімізде аяздың беті қайта бастайды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстан бойынша 18-20 қаңтарда аяз біртіндеп әлсіреп, күн жылып, қар жауады.
- Қазақстанның басым бөлігінде антициклон әсері төмендеп, күн жыли бастайды, қар жауады. Ал елдің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күн құбылмалы болады, көбіне қар жауады, көктайғақ болып, боран соғып, жел күшейеді. Түнде және таңертең ел аумағында тұман болады деп болжанып отыр, - дейді синоптиктер.
Оқи отырыңыз