ШҚО-да браконьерлер жазаланып жатыр
Фото: cdn.fishki.net
Шығыс Қазақстан облысында табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері өткен жылы 1 845 рейд жүргізген. Соның нәтижесінде табиғатты қорғау заңнамасы 1 300 рет бұзылғаны белгілі болды.
Елуге жуық қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
Мәселен, Алтай ауданының 57 жастағы тұрғыны үш бұлғынды заңсыз атқаны үшін бір жылға бас бостандығынан шектеу жазасына кесілген. Алтай ауданының 30 жастағы тұрғыны екі жылға бас бостандығынан айырылды, ол Богатырево ауылындағы Бұқтырма өзенінің арнасында қызыл кітапқа енген таймень балығын ұстаған.
Ал Глубокое ауданының Черемшанка ауылында сирек кездесетін жабайы сарымсақ өсімдігінің 4000-ге жуық данасын жинап, Риддер қаласына сатуға апарған 4 өңір тұрғыны да жазаланды.