KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, С
447.25 485.18 4.96

Жылы аялдамаларда шәйхана жұмыс істеп тұр – Өскемен

18.01.2024, 14:00 90 Ынтымақ Толқын

Өскеменде шәй ішіп, қоғамдық көлік тосатын аялдама бар.

Жобас сәтті шықса қаланың қалған аялдамалары да тұрғындар үшін қызмет етпек, деп хабарлайды Altyanews.kz тілшісі.

Облыс орталығындағы жылы аялдамалардың бірі ерекше жобаның бастамасына айналды. Қақаған аязда автобус күткен қала тұрғындары мұнда шәй мен кофе ішіп, бойларын жылытады. Кәсіпкердің айтуынша жылы аялдамаларды игі мақсатта пайдалану қала үшін де қала тұрғындары үшін де тиімді көрінеді.

-Жылы аялдамаларды осындай мақсатқа пайдалану өте тиімді. Аталмыш жобаны әкімдікке ұсынғанымды қала әкімі бірден қолдап, ісімізді бастауға мүмкіндік берді. Бұл аялдаманы ашудағы негізгі мақсатымыз қала тұрғындарына барынша жағдай жасау. Неге десеңіз, жылы аялдамада отырғандықтан бұл жердегі тазалыққа да біз жауап береміз, -дейді кәсіпкер Елдар Мұхамедқазин.

Жаңа форматтағы аялдама көпшіліктің де көңілінен шыққандай. Мұнда келіп көлік тосып, сауда жасап, бойларын жылытып жатқан қала тұрғындарының да қарасы басым.

-Қоғамдық көлікпен жүретін халықтың барлығына бұл аялдама ұнады деп ойлаймын. Жобаны бастап отырғандар жастар екен. Оларға тек сәттілік тілеймін. Біздің қала үшін өте керек жоба. Осындай аялдамаларды көбейтсе, әсіресе шағын аудандарға да қойса деген өтінішім де бар, -дейді қала тұрғыны Ләззәт Байгушкарова.

Айта кетелік, жылы аялдамадағы аталмыш орын әзірге пилоттық жоба. Кәсіпкердің айтуынша жаңа бастама сәтті шықса қаладағы өзге де жылы аялдамаларда да осындай шағын шәйханалар ашылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив