KZ
Өскемен
+1°
облачно с прояснениями жел 1,7 м/с, ОШ
488.45 529.19 5.04

Енді жаңа туған нәрестеге 20 минут ішінде ЖСН беріледі

фото: fergana.agency

24.01.2024, 17:24 65 Оразай Жеңісұлы

Енді жаңа туған нәрестеге жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) бірден – 20 минут ішінде беріледі. Бұл өзгерісті көздейтін заң жобасын бүгін Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Депутаттардың айтуынша, бұл норма бала саудасына қарсы күрес үшін қажет. Ол тек қазақстандықтарға ғана емес, республика аумағында туған шетел азаматтарына да қатысты болмақ.

Еске салайық, 2023 жылдың шілдесінде ҚР Ішкі істер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, балаларға туғаннан кейін бірден ЖСН беру бойынша пилоттық жобаны іске қосқан болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив