KZ
Өскемен
-13°
переменная облачность жел 1 м/с, СБ
524.66 550.21 5.09

Адам саудасы: 6 айда 100-ден астам қылмыс жасалды

Фото: nur.kz

28.07.2023, 11:41 367 Оразай Жеңісұлы

Жыл басынан бері адам саудасына байланысты 100-ден астам қылмыс жасалды, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті Адам саудасына қарсы күрес және қылмыстық процеске қатысушыларды қорғау басқармасының бастығы Самат Құсетов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Адам саудасымен байланысты қылмыстар сексуалдық эксплуатациялау, еңбекке мәжбүрлеу, асырап алу үшін жаңа туған балаларды сату, қайыр сұрату, адам ағзасын саудалау мақсатында жасалады. Көп жағдайда қылмыс ұйымдасқан сипатқа ие. Мысалы, жыл басынан бері 110 қылмыс жасалған. Оның бесеуі – эксплуатациялау мақсатында бостандығынан заңсыз айыру, 14-і – жезөкшелікпен айналысуға тарту болған. Құрбандардың 7-уі – кәмелет жасына толмағандар, 24-і – адам саудасына ұшыраған, соның ішінде: 16-сы – кәмелетке толмағандар, 67-сі – жеңгетайлық пен притон ұстау қылмысы», - деді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу