KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

Былтыр жастар практикасы бойынша қанша адам жұмыспен қамтылды?

көрнекілік сурет: nwcomm

1.02.2024, 12:24 83 Оразай Жеңісұлы

2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – Ұлттық жоба) аясында былтыр жастар практикасына 33 984 адам жіберіліп, жұмысқа орналастырылды.

Жастар практикасы бойынша жұмыспен қамтылғандардың ең көп саны Түркістан (9007 адам), Қызылорда (3443 адам), Жамбыл (3047 адам) облыстарында және Шымкент қаласында (2568 адам) байқалады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.

Осы орайда жастар практикасына кімдер қатыса алатынын айта кеткен жөн. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтағаннан кейін 5 жыл ішінде 35 жастан аспаған, алған кәсібі немесе мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ жұмыссыз адамдар жастар практикасына қатыса алады. Жобаға қатысу үшін мансап орталығына өтініш беру қажет.

Жастар практикасы бойынша түлектерге арналған жұмыс орындары олардың мамандығына сәйкес немесе ұқсас мамандық бойынша құрылады. Ал жастар практикасын қаржыландыруды еңбек мобильділігі орталығы жұмыс беруші ұсынған ай сайынғы мәліметтер негізінде жүзеге асырады.

Субсидиялардың айлық мөлшері (экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банк қызметтерін ескере отырып) 30 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Жалақыны субсидиялау мерзімі 12 айдан аспайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив