KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, З
491.7 531.28 5.07

Елімізде электронды аккредиттеу аттестататы беріле бастады

көрнекілік сурет: sotni.ru

1.02.2024, 12:47 64 Оразай Жеңісұлы

Елімізде алғашқы электронды аккредиттеу аттестататын беру жүзеге асты.

Осы уақытқа дейін аккредиттеуді растайтын негізгі құжат қағаз түрінде ғана ресімделетін, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Алғашқы электрондық аккредиттеу аттестаттын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Ұлттық сараптама орталығы» РМК филиалының Сынақ зертханасы алды.

Бұл Ұлттық аккредиттеу орталығымен e-TРMК жүйесінде бағалаудың барлық кезеңдерін толығымен автоматты түрде өткен аккредиттеу субъектісіне берген алғашқы аккредиттеу аттестаты.

Электрондық аккредиттеуді енгізу еліміздегі сәйкестікті бағалау саласындағы маңызды оқиға болып есептеледі. Осы тәсілдің арқасында аккредиттеу жоғары дәрежеде бейтарап және объективті болмақ. Сондай-ақ адам факторының бағалау процесіне әсері азаяды және қатысушылардың уақыты, басқа да ресурстар үнемделеді.

Қазіргі уақытта e-TРMК жүйесінде электрондық аккредиттеуден өту үшін бастапқы аккредиттеуден өтуге 7 өтініш, қайта аккредиттеуге 26 өтініш, оның ішінде Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығынан 24 өтініш, аккредиттеу материалдарын жаңартуға 11 өтініш өңделіп жатыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив