KZ
Өскемен
+5°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
491.7 531.28 5.07

Балабақшада бүлдіршіндерді шкаф басып қалған

pixabay.com

4.02.2024, 20:20 239 Назерке Каримова

Оралдағы балабақшада шкаф төрт бүлдіршін мен тәрбиешінінің үстіне құлап кеткен.

Оқыс оқиға жеке балабақшалардың бірінде орын алған, деп хабарлайды Altainews.kz сайты informburo.kz сайтына сілтеме жасап.

Бір сәтке балаларды қараусыз қалдырған тәрбиеші тәртіптік жазаға тартылған.

«Сәби» жекеменшік балабақшасындағы балалардың киімі мен керек-жарағы салынған екі метрлік шкаф кенеттен құлап, астында тәрбиеші мен төрт бүлдіршін қалды. Балабақша қызметкері салмағы ауыр жиһазды қалқалап, орнына қоюға тырысқан. Бірақ оған күші жетпей, өзі де зардап шеккен. Ауруханаға жеткізілген бес жастағы қыздар мен әйелді дәрігерлер қарап, үйлеріне жіберген.

- Тергеу әлі де жүргізіліп жатыр. Балалардың да, тәрбиешінің де жағдайы қалыпты. Дәрігерлердің медициналық қорытындысына сәйкес 3 қыз бен тәрбиеші үйінде ем алып жатыр. Балабақша тәрбиешісін қызметінен шеттету жөніндегі ешқандай шешім жоқ. Денсаулығы қалыпқа келген соң балалар да, тәрбиеші де оралады, - дейді балабақша қызметкері Зәуреш Қуанышқалиева.


Қазір мектепке дейінгі білім беру мекемесінде қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Себебі үлкен шкаф қабырғаға дұрыс бекітілмеуі де мүмкін.

Ал топтағы ұл-қыздарды бір сәтке көзінен таса қылған 47 жастағы тәрбиеші балалардың өмірі мен денсаулығына зақым келуіне жол бергені үшін тәртіптік жазаға тартылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив