Жыл басынан бері қандай өнімдердің бағасы айтарлықтай өсті?
Фото: depositphotos.com
2024 жылдың қаңтарында тұтыну бағасының айлық индексі өткен аймен бірдей – 0,8% болды, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
Азық-түлік тауарларының бағасы 1,1%-ға, ақылы қызметтер – 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 0,5%-ға өсті. Жылдық есеппен алғанда қаңтарда инфляция 9,5%-ға тең болды.
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.
Қаңтар айында азық-түлік тауарларының бағасы өсті:
қызанақ – 18,5%-ға;
қияр – 14,9%-ға;
тәтті бұрыш – 12,1%-ға;
сарымсақ – 7,4%-ға;
банан – 6,7%-ға;
жұмыртқа – 5%.
Арзандады:
күнбағыс майы – 1,7%-ға;
қант – 1,4%-ға;
пияз – 1,3%-ға;
сәбіз – 1,1%-ға.
Оқи отырыңыз