Құтқарушылардың арқасында неке сақинасынан «құтылды»
көрнекілік сурет: pixnio.com
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары 2001 жылы туған әйел адамды неке сахинасынан «құтқарып» қалды. Құтқарушылардың көмегіне жүгінген әйелдің саусағы ісіп кетіп, сахинасын шеше алмай қойған.
Саусағы сахина құрсауында қалған әйелге көмекке келген ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының құтқарушылары арнайы «тістеуікті» пайдаланып, сахинаны ептілікпен шешіп берген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
– Мұндай жағдайларда азаматтар дүрбелеңге түспеуге және кенет қозғалыстар жасамау керек. Сондай-ақ ТЖ мамандары көрсеткен бейнедегі әдісті қолдану керек, – деді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлаңыз.
Оқи отырыңыз