Қызығы мен шыжығы мол мамандық: ШҚО құтқарушылары 2023 жылдағы оқиғаларды қорытындылады
2023 жылы ШҚО ТЖД қызметкерлері 215 адамды құтқарып, түрлі төтенше жағдайларға тап болған 410 азаматты эвакуациялады.
65 балаға көмекке келді, 32 ауыр науқас және қозғалуы қиын азаматқа тасымалдауға көмектесіп, 59 жануар құтқарылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Қорытындылай келе, ШҚО ТЖД 2023 жылдың ішіндегі ең қызықтысын атап өтті.
"Экстремалды фото"
Риддер қаласында бір топ достар жиналып, таулы-орманды жерлерге барып, ер адамның бірі әдемі көріністі суретке түсіру үшін биік ағашқа өрмелек болды. Алайда аяғы тайып кетіп, құлап, ауыр жарақат алды. 1-МӨСБ қызметкерлері оны таудан жедел жәрдем көлігіне дейін зембілмен тасымалдады.
"Сақина" операциясы
Небәрі 12 айдың ішінде 22 адам саусақтан сақиналарды шеше алмай, құтқарушылардан көмек сұраған. Көмек дәл уақтында келді, әйткен күнде азаматтар жағдайды ушықтырып алар еді.
"Үйде қалған бүлдіршіндер" немесе «Один дома»
65 бала жабылып қалған есік артында қалды. Төтеншеліктердің уақтылы көмегі балаларды қиындықтан құтқарды.
Одан бөлек, Өскеменде абайсызда автомобиль салонының есігі жабылып қалып, оның ішінде бір жасар бала қалып қойып, анасы "112" қызметінен көмек сұраған.
Риддерде қыз бала көшеде ойнап, ағашқа өрмелеп шығып, кері түсе алмай қалған. Қатты қорқып, жылап отырған кезде 14-ӨСБ құтқарушылары 8 метр биіктікке көтеріліп, баланы қолына алып, жерге түсірді.
Сондай-ақ, Шемонаиха ауданында 28-ӨСБ қызметкерлері тағы бір жылап тұрған балаға көмектесті. Баланың саусағы ойын алаңындағы карусель мойынтірегінің арасына қысылып қалған еді.
Осыған ұқсас тағы бір жағдай: төрт жасар қыздың саусағы кір себетінің саңылауына жабысып қалды. Құралдардың көмегімен ТЖ қызметі баланың саусағын босатты.
"Жануарларды құтқару операциясы"
2023 жылы 17 мысық құтқарушыларға тәуелді болды. Өскемен әкімдігі ғимаратының шатырының астында қалған мысықты да құқарушылар ептілікпен шығарды. Марғау мысық соқыр болып шықты. Құтқарушылар оны зооклиникаға тапсырып, онда ем алып, иесін тапты.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Өскемендегі өрт кезінде өрт сөндірушілер 35 ара ұясын (әрқайсысында 30 мың ара) құтқарды.
Оқиға болған кезде жанып жатқан үйден өрт сөндірушілер екі бенгал мысығын алып шыққан. Олар иіске уланып, ессіз жатқан. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері өкпені жасанды желдету аппаратының және дұрыс көрсетілген реанимациялық шаралардың көмегімен жануарларды қайта тірілтті.
Одан басқа, бұзау су іздеп, батпаққа батып қалған жағдай да болған. Батпақұ жануарға жақындауға мүмкіндік бермеді. "Байғұс бұзауды" қауіпті аймақтан шығару үшін құтқарушыларға ағаштан жол төсеуге тура келді.
37 ит төтенше жағдайға тап болды. Оларды жыл бойы ШҚО ТЖД қызметкерлері құтқарды. Бірде аязды күні ШҚО ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері мұз ортасында қалған жануарға көмекке келді. Қайықпен қорқып күтіп тұрған итке жеткенде, құтқарушылар оның құйрығы мұзға қатып қалғанын көрді. Көмекке мұқтаж жануарды жылытқан соң, оны бірден құрлыққа жеткізді.
Айта кетейік, осындай төтенше жағдайлар орын алса бірден 112 нөмірі бойынша хабарласыңыз.