Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғалары тергеуге алынды
Олар спортшыларға Қытайдың сапасыз киімін алып, мемлекетке 383 млн теңге шығын келтірген.
2022 жылы Азия ойындарына қатысқан спортшылар киіп барған киімдерінің сапасыздығына шығамданған болатын, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.
ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Туризм және спорт министрлігі жанындағы Спортты дамыту дирекциясының лауазымды тұлғаларына қатысты аса ірі мөлшерде ақша ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасының өкілдері бұған дейін берілген жабдықтардың сапасына шағымданып, оны бір реттік деп атаған болатын.
Сот санкциясымен Дирекция басшысының орынбасары қамауға алынды.