«Зырян – Защита» жолаушылар пойызы Зубовск станциясына жетті
instagram/renatkurmambaev
Бүгін Алтай ауданында қар көшкіні түсті.
Осыған байланысты жолаушылар пойызы Селезневка және Бұқтырма станцияларында кідіруге мәжбүр болды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алтай ауданы әкімдігі ақпаратынша, станцияда жолаушылар ыстық шаймен қамтамасыз етілген. Екі жүзге жуық жолаушысы бар пойыз жол тазартылғаннан кейін қайта жөнелді.
– Ағымдағы жылдың 17 ақпанында өздігінен қар көшкіні жүріп, жолда келе жатқан «Зырян – Защита» жолаушылар пойызы Селезневка және Бұқтырма станцияларында кідірді, – деп жазды Алтай ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев. – №641 жолаушылар пойызы ( үш вагон) Бұқтырма станциясынан сағат 10.11-де бір жолмен жөнелтілді. Пойыз көмір және ауыз сумен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ, Бұқтырма станциясында пойызға қосымша 11 мөшек көмір тиелді.
Айта кетейік, пойызда 185 адам бар. Қазір пойыз Зубовск станциясына жетті. Бұл жерден түсетіндерді арнайы автобус күтіп алды.
Оқи отырыңыз