Абай ауданында боранда қалған шопан аман табылды
Абай облыстық ПД
Шопанның жоғалғаны туралы ақпарат полицияға 14 ақпан күні таңертең түскен.
Шопан өзінің қыстауын таба алмай, адасып кеткен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
- 14 ақпан күні сағат 07.00-де Абай ауданының полиция бөліміне хабар-ошарсыз кеткен шаруа қожалықтарының бірінің 54 жастағы шопаны туралы ақпарат келіп түсті. Ер адам жайылымға 532 бас қой бағып кеткен, - деп хабарлады Абай облыстық ПД. - Шопан іздеу бойынша жедел штаб құрылды, аудандық полицияның, Төтенше жағдайлар бөлімінің, сондай-ақ Абай ауданы әкімдігінің жеке құрамы жұмылдырылды.
30-дан астам қызметкер 4 УАЗ автокөлігінде, ЗИЛ-131 көлігінде және 2 Нива-МАРШ көлігінде ауа-райының қолайсыздығында далада адам іздеуді бірлесіп жүзеге асырды.
- Аяз күшейе түсті, дрон ұшыру қиын болды, төмен температураға байланысты ол істен шықты, іздеу аумағын жаяу айналып өту керек болды, - деді жедел уәкіл Бектұрсын.
Іздеу екі тәулік бойы жүргізілді. Іздеу топтарының бірі шопанды өзінің қыстауынан 30 шақырым жерде тапты. Ол қатты дауылда адасып кеткен, бірақ денсаулығына қауіп жоқ. Мал да, иесі де аман үйіне қайтты.
Оқи отырыңыз