Өскемен: Аязды күні көлік күткен балаға кім көмектесті? (видео)
видеодан алынған кадр
Өскемен қаласының Санат Нұрмұхамбетов есімді тұрғыны әлеуметтік эксперимент жасап, бейнежазба жариялады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Алдын ала ойластырылған жоспар бойынша ол өзінің бауыры Санжарды қала шетіндегі аялдамалардың біріне жалғыз қалдырып кетеді. Кеше облыс орталығында ауа температурасы өте төмен болғаны белгілі. Аязды күні бір өзі көшеде тұрған балақайға бейтаныс адамдар көмек қолын соза ма? Қала тұрғыны осыны анықтамақ болған.
Бейнежазбадан көріп тұрғанымыздай, зулап өтіп жатқан көліктердің бір де бірі тоқтамады. Балақайдың қасына барған жаяу жүргіншілер де болмады.
Алайда бұл жағдай полиция қызметкерлерінің назарынан тыс қалмады. Тәртіп сақшылары баланы көлікке отырғызғанда, бейнежазба авторы барып «жағдайдың» мән-жайын түсіндірді.