KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Жасөспірімдер арасында суицид көбейген

Фото: unicef.org

22.02.2024, 16:51 118 Ләззат Қанатқызы

Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсенова елдегі суицид жағдайына алаңдатушылық танытты.

Вице-премьер бұл жағдайдың себебін анықтау керектігін атап өтті, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

- Жасөспірімдер арасында суицидтің көбеюі алаңдатады. Бұл жағдай ересектер арасында да азаймай тұр. Мұның себебін анықтау қажет. Тұтастай алғанда министрлік пен жергілікті атқарушы органдар өңірлердің ерекшелігін ескере отырып басымдықтарды айқындау және барлық республикалық орталықтарды тарта отырып, жүйелі жұмыс істеуі қажет, - деді ол.

Сондай-ақ Тамара Дүйсенова денсаулық сақтау саласына қатысты бірқатар мәселені көтеріп, министрге тапсырма берді.

- Қызылшаға қатысты жағдай жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдар қызметінің төмен деңгейін және министрлік тарапынан тиісті үйлестіру мен бақылаудың жоқтығын көрсетті. Соңғы жылдары бұл сала қызметі тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұстанымын жоғалтты. Денсаулық сақтау министрлігіне санитарлық-эпидемиологиялық ұйымдар қызметінің жұмысын қайта қарауды және 1 сәуірге дейін тиісті ұсыныстар әзірлеуді тапсырамын,- дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив