KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями Штиль
481.19 538.45 5.18

Баспанасын жалға беретіндер табысынан 1% салық төлеуге міндетті

pixabay.com

25.02.2024, 20:30 97 Назерке Каримова

Кірісін жасырғандар 300 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды.

Қазақстанда 80 мыңнан астам адам үйін жалға береді екен, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі informburo31 ақпаратына сүйеніп.

Кірістер комитетінің өкілдері мүлік иелерін салықтан жалтармауға шақырады. Кірісін жасырғандар 60 мың мен 300 мың теңге аралығында айыппұл арқалайды.

Ол үшін кәсіпкер ретінде тіркеліп, Е-Salyq мобильді қосымшасы арқылы пайдаңыздың 1 пайызын салық ретінде төлеу керек. Тек жылдық табысыңыз 13 миллион теңгеден аспауы тиіс.

Ал әскери және мемлекеттік қызметкерлер жалпыға бірдей декларация толтыру кезінде осы кәсібінен түсетін пайдасын ашық көрсетіп, 10 пайыз төлейді.

Жылжымайтын мүлікті тәуліктеп қосалқы жалға беретін болсаңыз да салық төлеу қажет.

Жауапты комитеттің мәліметінше, Қазақстанда 80 мыңнан астам адам үйін жалға береді екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив