KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 6 м/с, ОБ
491.71 529.97 5.05

Тоқаев Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты тапсырма берді

Фото: akorda.kz

4.03.2024, 19:03 131 Ләззат Қанатқызы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты ведомствоның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмаларына негізделген іс-қимылдар алгоритмі өз деңгейінде орындалды. Қазір қаладағы жағдай қалыпты, барлық тиісті мекемелер бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс істеп жатыр.

Президент министрге мегаполис тұрғындарының амандығын сақтау және Алматыдағы жағдайды бақылауды қамтамасыз ету үшін қала әкімі Ерболат Досаевпен, сондай-ақ қаладағы барлық жауапты мекемелермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді жалғастыруды тапсырды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив