Түменде домбыра мектебі ашылды
Фото: Zakon.kz
Түмен облысы қазақтарының ұлттық-мәдени автономиясының және қазақстандық оқытушының ұлттық аспапқа деген адалдығының арқасында Ресейде ерекше музыкалық мектеп ашылды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресейге көшкенге дейін мұғалім Ақмарха Омарова Петропавлда балаларға домбыра шертуді үйреткен.
Көшіп келген соң Түменде алғашқы «Мұрагер» атты домбырашылар ансамблін құрды.
Ұстаз қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабын алғашқы кезеңде 20 балаға үйретуді бастайды. Домбыралар Түмен облыстық думасының қаржылық қолдауымен Қазақстанда арнайы тапсырыспен жасалған.
Алдымен бірнеше қарапайым күйлерді игерген оқушылар Түмен облысындағы қазақ мәдениеті күндерінің мерейтойлық концертінде өнер көрсетуге мүмкіндік алады. Осылайша «Мұрагер» ансамблі құрылған.
Екі жылдан кейін аталған өңірде қазақ музыкасына деген қызығушылық артып, домбыра мектебін ашу туралы шешім қабылданады.
Түмен облысында қазақ мәдениетінің күндері тұрақты өтіп тұратынын атап өткен жөн.
Ресей қазақтарының федералды ұлттық-мәдени автономиясының президенті Есенғали Ибраевтің айтуынша, мұнда халық дипломатиясына үлкен көңіл бөлінеді.
Айжанат Бақытқызы