Прокурорлар желідегі алаяқтарға жем болмаудың жолын айтты – ШҚО
![](/kz/uploads/posts/2024-03/997f203b2cca4d4a6789454cf3729707_1280x720.webp)
Фото: ШҚО прокуратурасының баспасөз қызметі
Жылдар өтіп, технология дамыған сайын, оның тілін мықты меңгерген әккілердің құрығы да ұзарып барады. Киберқылмыскерлердің құрбанына айналғандар саны да күн санап артуда.
Интернет алаяқтарының жолын кесу мақсатында прокурорлар өңір тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Өскемен қаласы мен Алтай ауданының прокурорлары 200-ден астам астам көпқабатты үйлерді, көшелер мен адам көп жиналатын ірі сауда орталықтарын аралап, желідегі алаяқтарға жем болмаудың жолдарын түсіндірді.
Айта кету керек, аталған профилактикалық акция прокуратура қызметкерлері мен құқық қорғау органдарының арасынан мобильді топтар құрылып, еріктілермен ЖОО заң факультеттерінің студенттерін тарта отырып өткізіліп жатыр.