KZ
Өскемен
-15°
облачно с прояснениями Штиль
518.14 537.57 5.27

Наурызда халыққа қызмет көрсетіле ме?

сурет: prodengi.kz

19.03.2024, 15:03 147 Оразай Жеңісұлы

Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары 21-25 наурыз аралығында жұмыс істемейді.

Кезекшілер 25 наурызда сағат 13:00-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары 26 наурыздан бастап әдеттегі кестесі бойынша жұмыс істейді», - деп мәлімдеді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ баспасөз қызметі.

Еске салайық, ХҚКО әдеттегі жұмыс кестесі бойынша дүйсенбі-жұма аралығында 9:00-ден 18:00-ге дейін, кезекшілер 20:00-ге дейін қызмет көрсетеді. Сенбі күні 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу