KZ
Өскемен
-17°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

Өскемен тұрғыны немересін өлтірді деген күдікпен ұсталды

шартты сурет: depositphotos.com

11.04.2024, 10:52 162 Оразай Жеңісұлы

Өскемен қаласының тұрғыны жеті жастағы немересін пышақтап өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті бұл фактіні растады. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот сараптамасы тағайындалған.

Оқиға 22 наурызда болғанын айта кетейік.

«Шынымен де, 22 наурызда Өскемен полиция басқармасының тергеу бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті қамауда. Іс қозғалды. Заттай дәлелдер алынып, сараптама тағайындалды. Бұдан басқа ақпарат жария етілмейді», - деп мәлімдеді ШҚО ПД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу